Ауыр салмақтағы қазақстандық нокаутшыға міндетті қарсылас тағайындалды

©Sky Sports

Еуропа бокс одағы (EBU) аса ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Жан Кособуцкиймен (18-0, 17 КО) түркиялық Умут Чамкиран (18-0, 17 КО)  арасындағы айқас міндетті түрде өту керек деп бекітті, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Екі боксшының командсында кездесуді өткізуге келісуге 18 шілдеге дейін уақыт бар. Егер келісе алмаса, айқасты өткізу құқығы промоутерлік бас саудаға қойылады. 

33 жастағы Чамкиран Германияда дүниеге келген. Бірақ өзінің тарихи отаны Түркияға көшіп кеткен. Ол кәсіпқой бокста 18 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. 17 жекпе-жекте ол қарсыласын нокаутпен жеңген. Чамкиран осы уақытқа дейін Албания, Ресей, Германия, Словакия және Германияда жұдырықтастан. 

Соңғы рет ол мамыр айында шаршы алаңға шығып, чехиялық Лукас Вакерді (3-2, 2 КО) жеңді. 

 Ал Кособуцкий болса 22 мамырда Гамбург (Германия) қаласында франциялық Йохан Дюопаны (39-7, 26 КО) жеңіп, WBC International белбеуін иеленді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар