Ауыр салмақтағы әлем чемпионы Сауль Альваресті жекпе-жекке шақырды

©vringe.com

Бірінші ауыр салмақтағы IBF және The Ring белбеулерінің иегері латвиялық Майрис Бриедис екінші орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альваресті жекпе-жекке шақырды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

"Канело" осал қарсылас таңдап алды. Енді ол алдағы кездесуінде жеңіске жетіп, менімен айқас өткізуге келіседі деп сенемін. Ол Макабудың анық әлсіз екенін біліп, таңдады. Макабу жай қимылдайды. Ал Сауль болса жылдам. 

Менің ойымша, Альварес 7 раундқа дейін техникалық нокаутпен жеңеді. Егер сенде бір чемпиондық белбеу болса, сен лайықты чемпион емессің. Ал егер екі не үш белбеу болса онда әңгіме басқа. Альварес, қане, әлемдегі ең үздік айқасты ұйымдастырайық", - деді Бриедис ESNEWS басылымына берген сұқбатын. 

Еске салайық, Сауль Альварес соңғы кездесуін 7 қараша күні өткізіп, Калеб Плантты нокаутпен жеңді. Осылайша ол екінші орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы атанды. Бұл "Канелоның" кәсіпқой бокстағы 57 жеңісі ретінде тіркелді. Енді ол келесі кездесуін ауыр салмақта WBC белбеуінің иегері конголық Илунга Макабуге қарсы өткізеді. 

Майрис Бриедис болса соңғы айқасын 16 қазанда өткізіп, неміс боксшысы Артур Маннан айласын асырды. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар