Ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы келесі кездесуі қашан өтетін хабарлады

©MTK Global

Бірінші ауыр салмақта өнер көрсететін Али Балоев (10-0, 7 КО) кәсіпқойдағы келесі кездесуі қашан өтетінін хабарлады. 

Боксшының әлеуметтік желідегі таратқан ақпараты бойынша, ол шаршы алаңға 24 қыркүйек күні Мәскеудегі ЦСКА Аренада оралады. Қарсылас алдағы уақытта белгілі болды. 

Балоев кәсіпқой бокстағы соңғы кездесуін 2020 жылдың 23 тамызында Алматы қаласында өткізіп, Беларусь боксшысы Юрий Быховцевтен (10-25-3, 5 КО) үстем түсті. Содан бері ол шаршы алаңға шықпады. 

Негізі Балоев келесі кездесуін Чехия жерінде әуесқойлар арасында әлем чемпионы Өзбекстан елінің өкілі Санжар Тұрсыновпен (3-0, 1 КО) өткізуі керек болатын. Бірақ белгісіз себептермен кездесу өтпей қалды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар