Ауыр салмақта жұдырықтасатын кубалық боксшы "Канеломен" кездесу үшін диетаға отыруға дайын екенін айтты

Салливан Баррера. Сурет: ESPN©
Жартылай ауыр салмақта өнер көрсететін ардагер боксшы Салливан Баррера (22-3, 14 КО) алдағы кездесуіне қарсылас іздестіріп жатыр. Ол рингке қайта оралу үшін салмақ дәрежесін ауыстыруға да дайын екен. Тіпті ол қыркүйек айында мексикалық Сауль Альвареспен (53-1-2, 36 КО) кездесуге келісетінін айтты. 

"Канеломен" кездесу үшін ол екі салмақ төмен, яғни екінші орта салмаққа дейін түсуге дайын екен. 

"Салмақ? Ешқандай қиындық жоқ. Маған жақсы диета керек болады. Ал жартылай ауыр салмаққа бір аптадан кейін ғана шыға аламын. Қазір салмағым шамамен 84 кило. Сондықтан жартылау ауыр салмаққа түсу оңай. Соңғы кездесулерде мен нашар болдым. Мұны білемін. Бірақ оның өз себебі бар. Жарақаттанып қалған иығым қатты ауырды. Бірақ операциядан кейін өзімді жақсы сезініп жүрмін. 

Маған көп ақшаның керегі жоқ. Бақытты болуға ақша қатты көмектеспейді. Менің де "Канелоның" да Golden Boy компаниясымен келісімшартымыз бар. Сондықтан 24 сағаттың ішінде келісімге келе аламыз. Сол кезде мен өмірімдегі басты кездесуге дайындықты бастап келе алатын ем", - деп келтіреді Баррераның сөзін vRINGe.com. 






Метки:
Жаңалықтар