"Салмақ? Ешқандай қиындық жоқ. Маған жақсы диета керек болады. Ал жартылай ауыр салмаққа бір аптадан кейін ғана шыға аламын. Қазір салмағым шамамен 84 кило. Сондықтан жартылау ауыр салмаққа түсу оңай. Соңғы кездесулерде мен нашар болдым. Мұны білемін. Бірақ оның өз себебі бар. Жарақаттанып қалған иығым қатты ауырды. Бірақ операциядан кейін өзімді жақсы сезініп жүрмін.
Маған көп ақшаның керегі жоқ. Бақытты болуға ақша қатты көмектеспейді. Менің де "Канелоның" да Golden Boy компаниясымен келісімшартымыз бар. Сондықтан 24 сағаттың ішінде келісімге келе аламыз. Сол кезде мен өмірімдегі басты кездесуге дайындықты бастап келе алатын ем", - деп келтіреді Баррераның сөзін vRINGe.com.