auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Аты аңызға айналған Хулио Сезар Чавестің баласы бокстан шеттетілді

Аты аңызға айналған Хулио Сезар Чавестің баласы бокстан шеттетілді
Сурет: thecoli.com
Орта салмақта WBC белбеуінің бұрынғы иегері мексикалық кіші Хулио Сезар Чавес (51-4-1, 33 KO) АҚШ жерінде жұдырықтасу құқығынан айырылды. Бұл туралы Vringe.com порталы хабарлап отыр. Чавестің қанша уақытқа шеттетілгені белгісіз болып тұр. 

Мұндай шешімді Невада атлетикалық комиссиясы мен Аризона штатының бокс және ММА комиссиясы шығарды. Бұл шешім 1999 жылы қабылданған "Мұхаммед Әли" ережесі бойынша басқа барлық штаттардың комиссиясына қатысты. 

Негізі Невада атлетикалық комиссиясы (NSAC) мексикалық боксшыны өткен жылы "VADA ережесін сақтамағаны үшін" шеттеткен болатын. Ұйым өткен жылы боксшының кездесуіне дайындық барысында тест алғысы келген. Бірақ Чавес ұстатпай кеткен. 

Кейін боксшы шағым жазып, бұл шешімді уақытша тоқтата тұратын қаулы алған. Сол үшін де Чавес былтыр Аризона штатының Феникс қаласында Дэниель ДЖейкобспен кездесу өткізіп, жеңіліп қалды. 

2020 жылдың сәуір айында қаулы да күшін жойды. Енді ол тағы да шағым жазып, өзінің атын ақтап жатыр. Бірақ шешім әлі шыққан жоқ. Оны боксшы біраз күтетін сияқты. 

Мексикалық боксшының айтуынша, ол әлі кем деген 3-4 жыл өнер көрсете алады екен. Тіпті ол Геннадий Головкин, Сауль "Канело" Альварес және Сергей Деревянченко секілді орта салмақтағы үздік боксшылармен жұдырықтасуға дайын. 

Айта кетейік, Чавес өткен ғасырда бокс әлемінде аты көпшілікке кең тараған Хулио Сезар Чавестің ұлы. Ол бірнеше салмақ бойынша әлем чемпионы болған. 










Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама