Атақты Флойд Мейвезер мен блоггер Логан Пол арасындағы кездесу өтпейтін болды

Сурет: fightnews.info
Кәсіпқой бокста жеңілістің кермек дәмін татпаған атақты америкалық Флойд Мейвезер мен америкалық блоггер Логан Пол арасындағы кездесу өтпейтін болды,- деп хабарлайды TMZ порталы. 

Бұл кездесу 20-ақпан күні, бокс ережесі бойынша өтуі керек болатын. Бірақ ұйымдастырушылар коронавирус пандемиясына байланысты жекпе-жектің өтпейтінін хабарлады. 

Айта кетейік, 43 жастағы Мейвезер кәсіпқой бокста 50 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Ол бірнеше салмақта әлем чемпионы атанып, салмақ дәрежесіне қарамай жасалатын рейтингтің көш басында болған. Соңғы кездесуін ол 2017 жылдың 26-тамызында Конор МакГрегорға қарсы өткізіп, жеңіске жетті. Бұл кездесу де бокс ережесі бойынша өтті. 

Ал 25 жастағы Логан Пол америкалық блоггер және актер. Оның әлеуметтік желісіндегі парақшаларында 20 миллионнан астам адам бар. Ол кәсіпқой бокста бір ғана кездесу өткізген. 2018 жылы Ұлыбританияда блоггер Олайдже Олатунджемен кездесіп, жеңіліп қалған. 



Метки:
Жаңалықтар