auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Астанада өтетін жекпе-жектің мен үшін жауапкершілігі өте жоғары - Қанат Ислам

Астанада өтетін жекпе-жектің мен үшін жауапкершілігі өте жоғары - Қанат Ислам
© Kanat Islam team
Бірінші орта салмақтағы WBO Intercontinental және WBA Fedelatin тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Қанат Ислам Астанада өтетін бокс кешінде чемпиондық атаққа таласады, деп жазады Vesti.kz порталы. 


"Біздің осылай шет елде жаттығу жасап, жарыс өткізіп жүргеніміздің барлығы еліміздегі береке мен бірліктің арқасы, Тәуелсіздіктің жемесі дер едім. Желбірететін туың болмаса, шырқататын әнұраның болмаса бізге бокстасудың не керегі бар? Сол үшін елдің, жердің амандығы ол бірінші орында. Елбасымыздың қаншама спорт ареналарын салып, елімізде де еркін жаттығуымызға, жарыстар өткізуімізге мүмкіндік жасап берді. Қазір әр қалада үлкен спорт кешендері мен байрақты бәсекелер өткізетін ареналар бар. Спортшыға бұдан асқан қандай қолдау керек? Міне, 9 қыркүйекте ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында елімізде тағы бір кәсіпқой бокс кеші өтпек. Бұл жолы да арена жанкүйерлерге толы болатынына сенемін. Астанада өтетін жекпе-жектің мен үшін жауапкершілігі өте жоғары. Жақсылап дайындалып, қазақ еліне тағы бір жеңіс сыйлаймын деп ойлаймын. Қыркүйекке дейін мамыр айының соңында АҚШ-та тағы бір жекпе-жек жоспарланып тұр. Сол жұдырықтасудан соң, Астанада өтетін бокс кешіндегі қарсыласым анықталып, сарапқа салынатын белбеуді естіп қаларсыздар. Бізге түрлі ұсыныстар түсуде. Қазір менің командам қызу жұмыс істеп жатыр. Көрме кезінде Астанаға әлемнің түкпір-түкпірінен жүзмыңдаған туристер келеді. Сол туристерге қазақ елінің боксшыларының деңгейін көрсетіп, әлем алдында мәртебелі екенін тағы бір дәлелдеу бізге міндет!", - дейді Қанат Ислам. 

Айта кетейік, Қанат Ислам кәсіпқой бокстағы өзінің соңғы жекпе-жегін 18 ақпан күні АҚШ-тың Делавэр штатының Уилмингтон қаласында өкітізіп, бразилиялық Робсон Ассисті бірінші раундта нокаутқа түсірген болатын.

Бұған ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Vesti.kz басылымына берген сұхбатында 9 қыркүйек күні Астанада Қанат Исламның қатысуымен бокс кешетінін өтетінін растаған еді.

Бұл боксшылардан бөлек, бокс кешінде Жанқош Тұраров пен Жанат Жақиянов та қатысуы ықтимал.








Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жарнама

Жарнама

Жарнама

Жаңалықтар
28 қараша, 09:52
Кәсіпқой бокс
Айдос Ербосынұлы мәлімдеме жасады Айдос Ербосынұлы мәлімдеме жасады

Жарнама

Жарнама