"Астана арландарының" боксшысы Энтони Джошуаның IBF белбеуіне міндетті қарсылас болуы мүмкін

Филип Хргович. Сурет: Bad Left Hook©️

Бүкіләлемдік бокс сериясында "Астана арландары" командасының намысын қорғаған хорватиялық боксшы (12-0, 10 КО) IBF белбеуінің иегеріне міндетті қарсылас атану үшін кездесу өткізеді,- деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

28 жастағы ауыр салмақта өнер көрсететін боксшының қарсыласы 32 жастағы америкалық Майкл Хантер (19-1-1, 13 КО) болады. Негізі бұған дейін IBF басшылары америкалық боксшыға 34 жастағы отандасы Чарльз Мартин (28-2-1, 25 КО) қарсылас болатынын айтты. Бірақ ол кездесуден бас тартты. 

"IBF әу баста мені Чарль Мартинмен кездеседі деп хабарлады. Бірақ ол бас тартты. Енді тек Хогович қалып отыр. Мен бұл кездесуді күттім", - деп жазды Хантер твиттер парақшасында. 



Айта кетейік, Хогович "Астана арландары" командасымен бірге екі рет Бүкіләлемдік боксшы сериясында (WSB) топ жарды. Одан бөлек ол 2016 жылғы Олимпиада ойындарына қатысып, қола жүлдегер атанды. 

Ал аса ауыр салмақта қазіргі уақытта IBF белбеуі британдық боксшы Энтони Джошуаға (24-1, 22 КО) тиесілі. 





 

Метки:
Жаңалықтар