Профи-бокс
2 наурыз 2017 14:56
 
"Астана арландарының" атқарушы директоры анықталды

  Пікірлер

blog.share

"Астана арландарының" атқарушы директоры анықталды © astanaarlans.kz

Бүкіләлемдік бокс сериясында өнер көрсететін "Астана арландары" клубының атқарушы директоры болып Саят Әбілдин тағайындалды. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлайды. Бұған дейін ол бас менеджердің орынбасары болып келген еді. 

"Маусымның қызға түскен шағында маған қызметімнен кетуге тура келді. Қазіргі уақытта команда 4 наурыз күні Атырауда "Қытай айдаһарларына" және 18 наурыз күні Таразда "Ресей патриоттары" клубтарына қарсы өтетін жекпе-жекке дайындалып жатыр. Команданың басшылары жаңа директорды тағайындағанынша клуб ішіндегі білікті маманды бұл орынға қойғанына қуаныштымын. Саят Мұхаметжановты мен бұрыннан білемін. Алдағы уақытта жұмысына табыстар тілеймін"-, дейді "Астана арландары" клубының бұрынғы директоры Серік Сәпиев. 

Еске салайық, 28 ақпанда Орталық сайлау комиссиясының отырысы кезінде "Нұр Отан" партиясының мүшесі Сәпиев Серік Жұманғалиұлын Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты ретінде тіркеу шешімі қабылданды.

Жарнама

Живи спортом!