Профи-бокс
16 наурыз 2017 20:41
 
"Астана арландары" "Тараз-Аренада" ресейлік боксшылармен айқасады

  Пікірлер

blog.share

"Астана арландары" "Тараз-Аренада" ресейлік боксшылармен айқасады Сурет astanaarlans.kz cайтынан

"Астана арландары" кәсіпқой бокс клубы наурыздың 18-і күні биылғы маусымдағы төртінші жекпе-жегін өткізеді. Тараз қаласында ұйымдастырылатын бокс кешінде "арландар" Ресейдің "Patriot Boxing Team" командасын қабылдайды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Естеріңізде болса, Бүкіләлемдік бокс сериясының алғашқы жекпе-жегінде "Астана арландары" дәл осы "Patriot Boxing Team" командасымен Мәскеуде кездесіп, 3:2 есебімен жеңіске жеткен. Ол кезде командалар С1 жүйесі бойынша шаршы алаңға шыққан еді. Бұл жолғы жекпе-жек С2 жүйесінде, яғни, боксшылар 52, 60, 69, 81, +91 келі салмақ дәрежелерінде жұдырықтасады.

"Астана арландарының" бас бапкері Нұрлан Ақүрпеков сейсенбі күні ресейлік командаға қарсы шығатын боксшылардың есімін жариялады.

52 келі салмақ дәрежесінде "арландар" намысын Олжас Сәттібаев қорғайды. Олжас осыдан бір ай бұрын өзбекстандық командаға қарсы өткен жекпе-жекте жеңіске жетіп, биылғы маусымды сәтті бастаған. 2013 жылдан бері Бүкіләлемдік бокс сериясында өнер көрсетіп келе жатқан тараздық тарлан содан бері 9 жекпе-жек өткізіп, соның жетеуінде қарсыластарынан басым түсті. Ертеңгі өтетін жекпе-жекте Олжас Вячеслав Ташкараковпен қолғап түйістіреді. Ресейлік боксшы бұған дейін 5 жекпе-жекке шығып, соның 2-інде ұтқан.

60 келі салмақта күш сынасатын Зәкір Сафиуллин биылғы маусымды өте жоғары деңгейде бастағанын өзбек командасымен болған жекпе-жекте байқаған боларсыздар. Талдықорған қаласында өткен сол кеште Зәкір Рио олимпиадасының қола жүлдегері, әлем және Азия чемпионатының күміс жүлдегері Муроджон Ахмадалиевтен айласын асырды. Отандасымыз осы жолы да намысты қолдан бермес. Қарсыласы – Артур Субханкулов. Осыған дейін 4 жекпе-жек өткізіп, соның 2-інде жеңіске жеткен Субханкулов Ресейдің ортаңқол боксшыларының бірі десек болады. 25 жастағы боксшы әлемдік аренада мақтанарлықтай нәтиже көрсетпеген. 2013 жылы Ресей чемпионатында қола жүлдегер атанса, 2015 жылы күміс медальға ие болған.

69 келі салмақта Асланбек Шымбергенов пен Шахабас Махмудовтың жекпе-жегін тамашалаймыз. "Астана арландары" сапына 2015 жылы келген Асланбек содан бергі екі жылдың ішінде жанкүйерлердің сүйікті боксшыларының біріне айналды. Былтыр Бүкіләлемдік бокс сериясындағы «Азияның ең үздік боксшысы» деген атақты жеңіп алды. Бүгінге дейін 8 жекпе-жек өткізіп, соның 6-ын өз пайдасына шешті. Оның қарсыласы Шахабас Махмудов 1996 жылы туған. Көптеген халықаралық турнирлерде жеңімпаз атанған боксшыға бір кездері Иран бокс федерациясының басшылары қызығушылық танытыпты.

"Арландардың" бас бапкері Нұрлан Сәкенұлы 81 келі салмақта Арман Рысбекке сенім артуды ұйғарыпты. Осыдан ай бұрын өзбектермен өткен жекпе-жекте Нұрдәулет Жарманов болған еді. Бірақ, бұл жолғы таңдау Арманға түскен. Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы ертеңгі кеште Ресей командасындағы ең тәжірибелі боксшылардың бірі Павел Силягинге қарсылас атанады. Силягин Бүкіләлемдік бокс сериясында осыған дейін 7 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Әуесқой бокста да айтарлықтай табысы бар. 2015 жылы әлем чемпионатының қола жүлдегері. Сондай-ақ, Еуропа ойындарының (2015) да қола жүлдесіне ие болған.

Аса ауыр салмақтағы алыптар бәсекесінде павлодарлық Олжас Бұқаев "арландар" сапындағы тұсаукесер жекпе-жегін өткізеді. Қарсыласы – Магомед Омаров. Ресей құрамасындағы нөмірі бірінші боксшы саналатын Омаров осал емес. 22 жасында Еуропа чемпионы атанған. 2013 жылы Универсиада ойындарын ұтты. Бүкіләлемдік бокс сериясында бір жекпе-жек өткізіп, онысы сәтсіз аяқталыпты.

Дәл қазір турнир кестесінде "Астана арландары" 9 ұпаймен жеке-дара көш бастап тұр. Ресей командасы 4 ұпаймен екінші орында. Қытай мен Өзбекстан командаларында 3 жекпе-жектен жинаған үш үпайлары бар.

blog.share
"Астана арландары" кәсіпқой бокс клубы наурыздың 18-і күні биылғы маусымдағы төртінші жекпе-жегін өткізеді. Тараз қаласында ұйымдастырылатын бокс кешінде "арландар" Ресейдің "
Patriot Boxing Team" командасын қабылдайды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Жарнама

Живи спортом!