Профи-бокс
2 шілде 2020 20:58

"Астана арландары" командасының бұрынғы боксшысы шаршы алаңға қашан шығатынын айтты

Филип Хргович. Сурет: index.hr©
Кәсіпқой бокста аса ауыр салмақта болашағынан зор үміт күттіретін боксшылардың бірі хорват Филип Хргович (10-0, 8 КО) індет кезінде қалай жаттыққанын айтып берді. Боксшының айтуынша, бапкерлер оны жақсылап шыңдаған екен. Ал шаршы алаңға ол жаздың аяғында оралады. 

"Көпшілік менің жаттығу жасауға мүмкіндігім жоқ деп ойлады. Бірақ, мен бұрынғыға қарағанда екі есе көп жаттығу жасадым. Бұл қиын жағдайды сауатты өткізу керек болды. Көп жаттығу жасадым. Енді осы бабымды жоғалтқым келмейді. 

Бас бапкерімнің көмекшісі Юсеф Хасан және фитнес бапкерім Игор Чордашпен дайындалдым. Олар мені жақсылап шыңдады. Өзімді жақсы сезініп жүрмін. Жақсы жаттығу жасаймын. Бірақ әлі жүз пайыз бабымдамын деп айта алмаймын. Өйткені, қазір маған ол керек емес. Жекпе-жектің өтетін нақты уақыты белгілі емес. Қарсылас та анықталмады. 

Карантин кезінде күніне екі рет шынықтым.  Айтпақшы, бұл жаттығулар тура жекпе-жек алдындағыдай болды. Шамалы ғана айырмашылық болды. Бірақ қатты ұқсайды. Физикалық күшінді арттыру үшін жұмыс істедім. Салмағыма да көңіл аудардым. Жуық арада шаршы алаңда біреу менің қандай күшті болғанымды сезінеді. 

Ең қауіпті қарсыласқа келетін болсақ. Негізі мықты қарсыластар көп. Атақты Паркер бар. Күзде жекпе-жек өткізетін Дюбуа мен Джайс та осал емес. Мен қазір алдағы уақытта жақсы нәтиже көрсететін боксшылар туралы айттым. Ардагер Ортисті бұл тізімге қосуға болады. Негізі менің қарсыласым болып қалуы мүмкін деген көптеген боксшыларды тізіп бере аламын. 

Менеджерім айтқандай, қазір біздің басты мақсатымыз - тезарада кездесу ұйымдастыру. Жаздың соңында жұдырықтасатын шығармын. Мен дайынмын. Жекпе-жек Хорватияда өтетін шығар", - деп келтіреді Хрговичтің сөзін vecernji.hr порталы. 

Айта кетейік, "Астана арландары" командасының бұрынғы боксшысы әлемдік рейтингте ақырындап жоғары көтеріліп келе жатыр. Ол болашақта әлем чемпионы болады деген боксшылардың қатарында.