auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 705 18 999 35
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Әшкеев пен Нұрсұлтанов рейтингте бірнеше саты жоғарылады

Әшкеев пен Нұрсұлтанов рейтингте бірнеше саты жоғарылады
Мадияр Әшкеев. Сурет :Super Elite Boxing
Қазақстандық боксшылар Мадияр Әшкеев (9-0, 5 КО) пен Мейірім Нұрсұлтанов (6-0, 5 КО) кәсіпқой бокстағы өздерінің кезекті жеңістерінің кейін рейтингте бірнеше саты жоғары көтерілді. 

Екі боксшы да өздерінің кезекті кездесулерін Нью-Йорктегі Madison Square Garden спорт кешенінде ресейлік Сергей Ковалев пен (31-2-1, 27 КО) Игорь Михалкин (21-1, 9 КО) арасындағы өткен бокс кешінде өткізді. 

Орта салмақта өнер көрсететін Нұрсұлтанов мексикалық Алехандро Торреспен (9-4-2, 4 КО) кездесіп, алтыншы раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Бұл отандасымыздың алтыншы жеңісі. Бес рет Мейірім қарсыласын нокаутқа түсірген. Осы жеңісінен кейін ол BoxRec рейтингінде 15 саты көтеріліп, 80-орынға жайғасты. 

Орта салмақта өнер көрсететін Әшкеев болса доминикалық Хосе Антонио Абреумен (13-4, 8 КО) қолғап түйістіріп, бірінші раундта қарсыласын нокаутқа түсірді. Бұл Мадиярдың кәсіпқой бокстағы тоғызыншы жеңісі. Бес рет ол қарсыласын нокаутпен жеңді. Осылайша Әшкеев 21 сатыға көтеріліп, 94-орынға орналасты. 








Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жарнама

Жарнама

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама