Әшкеев пен жеңілмеген америкалық жекпе-жек алдында салмақ өлшеуден өтті

Сурет: instagram.com/madiyar.ashkeyev.official

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мадияр Әшкеев пен америкалық Чарльз Конуэлл өзара кездесулері алдында салмақ өлшеуден өтті,- деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Екі боксшының да салмағы 69,9 болды. Осылайша екеуі де бірінші орта салмақтың лимитінен асып кетпеді. Кездесу он раундқа жоспарланып отыр. 



Бұл бокс кеші Лос-Анджелес қаласындағы Wild Card Boxing аренасында өтеді. Әшкеев пен Конуэлл арасындағы кездесу кештің басты айқасы болады. Жекпе-жек Қазақстан уақытымен 18-желтоқсан күні таңертең өтеді. 

Айта кетейік, 32 жастағы Әшкеев кәсіпқой бокста 14 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті. 7 кездесуде ол қарсыластарын нокаутқа түсірген. Ал 23 жастағы Конуэлл болса 13 кездесуінің барлығында қарсыластарынан үстем түскен. Ол он кездесуінде  қарсыластарын нокаутпен жеңген. 




 

Метки:
Жаңалықтар