Профи-бокс
15 мамыр 2021 16:08

Аса ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Тайсон Фьюримен спарринг өткізді

Иван Дычко. Сурет: instagram.com/ivandychko/

Аса ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Иван Дычко (9-0, 9 КО) осы салмақта WBC белбеуінің иегері Тайсон Фьюримен (30-0-1, 21 КО) спарринг өткізді. Бұл туралы боксшының өзі әлеуметтік желісінде жазды. 

Дычко қазіргі уақытта британдық боксшыға ауыр салмақта WBA/IBF/WBO  белбеулерінің иегері Энтони Джошуға  (24-1, 22 КО) қарсы кездесуге дайындалуға көмектесіп жатыр. Олардың бірінші кездесуі тамыз айында өтуі керек. 

Ал қазақстандық боксшының өзі келесі кездесуін жақын арада өткізуі тиіс. Ол жуырда жаңа промоутерлік компаниямен келісімшарт жасамақ.