"Астана арландары" сапында жүріп Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) чемпионы атанған орта салмақта өнер көрсететін 26 жастағы қазақстандық боксшы Арман Рысбек 1 желтоқсан күні жекпе-жек өткізбейтін болды.
"Қарсылас жарақат алып, шаршы алаңға шыға алмайтын болды", - дейді қазақстандық боксшының менеджері Фархад Шарипов.
Бұл ақпаратты Арман Рысбектің өзі де растап отыр.
"Жекпе-жек өтбейтін болды. Қазір нақты айта алмаймын, бірақ желтоқсан айында бір кездесу өткізетін шығармын", - дейді Рысбек.
Еске салайық, бұған дейін Арман Рысбектің қатарынан екі кездесу өткізетіні белгілі болған еді. Тарқатып айтсақ, бірінші кездесу 1 желтоқсан күні, екінші кездесу 27 қаңтарға белгіленген. Бірақ кейіннен Boxrec.com порталы бұл мәліметті алып тастады.
Жарнама