auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Әр кездесуімнен кейін Президентіміз бен халқымыздың құттықтауын алуға бақыттымын - Қанат Ислам

Әр кездесуімнен кейін Президентіміз бен халқымыздың құттықтауын алуға бақыттымын - Қанат Ислам
Сурет mks.gov.kz сайтынан
Бүгін Астанада Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының кәсіби боксшы, бірінші орта салмақтағы WBA Fedecaribe,  WBA Fedelatin және WBO Intercontinental  титулдық атақтарының иегері Қанат Исламмен кездесуі өтті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сонымен қатар кездесуге танымал отандық меценат, Қазақстанда спорт дамуына қамқорлық білдіріп жүруші Бауыржан Оспанов, ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов, ҚР МСМ Туризм индустриясы комитеті төрағасының м.а. Марат Игали қатысты.

Мәдениет және спорт министрі қазақстандық былғары қолғап шеберін үстіміздегі ақпанда Бразилияның спортшысы Робсон Ассиске қарсы кездесуде жеткен жеңісімен құттықтады.

«Біз, қазақстандықтар, отандық боксшыларымыздың жетістіктерін мұқият бақылап, олар үшін жанкүйер боламыз. Бразилияның өкілімен өткен жекпе-жектегі алғашқы раундтың өзіндегі сенімді жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймын. Сіз – еліміздің мақтанышы, біз сіздің жеңістеріңізге қуаныштымыз», - деді министр.

Меценат Бауыржан Оспанов Қанат Ислам Р.Ассиспен кездесуіне жақсы дайындалғындығы туралы айтты.

«Қанат бұл кездесуге өте жақсы дайындалып, қиыншылықтарға қарамастан бірінші раундта жеңіске қол жеткізді. Қазіргі таңда ол жалпы рейтингте жоғары көтеріліп, өзге бокс нұсқаларындағы белбеулерді жеңіп алуға үміткер болуға құқығы бар», - деп хабарлады Б. Оспанов.

Сондай-ақ, меценаттың сөзіне қарағанда, Қазақстанда бокс дамуы өте жоғары деңгейде болып табылады. Қазіргі уақыттың өзінде елімізде үлкен бокс кештерін айына немесе жылына бір рет емес, одан да жиі өткізуге мүмкіндік бар.

Әңгімелесу барысында ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шаралары аясында Қанат Исламның бокс жекпе-жегін ұйымдастыру мәселесі де талқыланған болатын. Кездесуде айтылып кеткендей, отандасымыздың қатысуымен бокс кешін қыркүйек айының басында өткізу жоспарланып отыр.

«Қазіргі таңда алдымызда үлкен жауапкершілік тұрғандығын түсінемін. Бізде Қазақстанда көп нәрсені бірінші болып істеуге мүмкіндік туып отыр. Сол үшін мен өте бақыттымын. Әр кездесуімнен кейін Президентіміз бен халқымыздың құттықтауын алуға бақыттымын. Қазақстандықтардың жас буыны біздің жетістіктерімізге қарап өсіп келеді, бізден үлгі алады. Сондықтан біз Қазақстанды халықаралық алаңдарда абыроймен көрсетуге міндеттіміз», -  деп ойымен бөлісті Қанат Ислам.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама