Андрадедің командасы "Канелоның" орнын басу үшін Головкиннің командасымен келіссөз бастады
©:latimes.com
Жеңіліп көрмеген америкалық боксшы Деметриус Андрадедің промоутері Арти Пелульо 5-мамыр күні мексикалық Сауль "Канело" Альварестің орнына 5-мамыр күні орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО) жекпе-жек өткізу үшін қазақстандық боксшының командасымен келіссөз бастады.
Қазіргі уақытта Головкиннің командасы 5-мамырда "Канеломен" өтетін кездесу үшін алаңдап отыр. Сондықтан да Том Леффлер басқа қарсылас іздестіруге белсене кірісіп кетіпті.
"Том (Головкиннің промоутері Том Леффлер - ред) менен Деметриусті залда ма және дер кезінде салмағын қалыпқа келтіре алады ма деп сұрады. Мен Андрадедің жаттығу жасап жатқанын, уақытында салмағын ретке келтіре алатынын айттым. Бізде Головкинмен кездесуге мүмкіндік бар деп ойлаймын. Деметриус pay-per-view көрсетілімін сата алады. Себебі, жанкүйерлер Андраденің Головкинді тоқтата алатынына сенімді. Осылайша біз ақылы көрсетілімді сата аламыз. Қазір біз Томмен келіссөз жүргізіп жатырмыз", - деді промоутер Los Angeles Times басылымына берген сұқбатында.
Еске салайық, 27-наурызда Невада штатаның Атлеттер комиссиясы Альваресті екі допинг сынаманың (17 және 20-ақпан) кленбутерол дәруменіне оң нәтижесін бергені үшін уақытша жекпе-жектерден шеттетті. Мексикалық боксшының ісіне байланысты нүкте 10-сәуір күні шығуы керек еді. Алайда іс 18-сәуірге ауыстырылды.
Промоутер Головкиннің 5-мамырда қандай боксшыға қарсы болсын шаршы алаңға шығуға дайын екенін айтты. Ал кеше Головкиннің командасы бұл күнге жоспарланған кездесудің орнын ауыстыру үшін өтініш білдіріпті.

Жарнама