auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Андраде белбеуден бас тартса Әлімханұлы әлем чемпионы бола ма?

Андраде белбеуден бас тартса Әлімханұлы әлем чемпионы бола ма?
©eviewjournal.com

Орта салмақта өнер көрсететін америкалық боксшы Деметриус Андраде (31-0, 19 КО) осы салмақтағы WBO белбеуінен бас тартатын секілді. Мұндай жағдайда ұйым бұл белбеуге міндетті қарсыластар арасындағы айқасты ұйымдастыру керек. Ал белбеуге басты үміткер - отандасымыз Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО). Оның қарсыласы бразилиялық Эскива Фалькао (29-0, 20 КО) болуы мүмкін, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Міндетті қарсыластың бірі Фалькао деп Lukie Boxing порталының авторы айтты. Ол Әлімханұлы мен Эскива арасындағы айқас көпшіліктің назарын аударатыны туралы айтты. 

"Шынында біз Жәнібек Әлімханұлы мен Эскива Фалкао арасындағы бос қалған WBO белбеуіне айқасты көруіміз мүмкін. Біртүрлі, бірақ қызық айқас болады", - деп жазды автор. 

Әлімханұлы үшін бразилиялық боксшы қиын қарсылас бола ма? Сірә, жоқ. Негізі Фалькао Геннадий Головкинге тиесілі IBF белбеуінің міндетті қарсыласы еді. Мұндай атаққа ол канадалық Патрис Вольниді жеңіп, қол жеткізді. 

Дегенмен Лас-Вегастағы сол айқасты Эскива нашар өткізді. Оның үстіне алтыншы раудта боксшылар баспен қағысып, айқас тоқтатылды. Әйтпесе, Патрис енді ғана ашылып келе жатыр еді. 

Вольни болса Әлімханұлынан деңгейі әлдеқайда төмен боксшы. Соққысы да қатты мықты емес. Сондықтан Фалькао мен Патрис Жәнібекке қауіпті емес. 

WBO рейтингінгі екінші сатыда Хайме Мунгия тұр. 25 жастағы Мексиканың мықтысы 38 айқас өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Қазақстандық боксшыға қауіп төндірсе, осы Мунгия төндірер. 

Бірақ та ол WBO белбеуіне аса қызығып жүрген жоқ. Оның басты мақсаты - екінші отандасымыз Головкинмен кездесу. 

Одан кейін тізімде Дэнни Дигнам, Крис Юбэнк, Карлос Адамес, Лиам Уильямс секілді боксшылар бар. Міне Жәнібек осы боксшылардың бірімен кездесуі әбден мүмкін.

Дегенмен де уақыттың алдына түсіп жүгірмейік. Осы қаңтар айында Top Rank басшысы Боб Арум Андраденің командасымен келіссөз өткізеді. Егер Деметриус расында белбеуден бас тартса, Әлімханұлына басқа қарсыластар іздестіріледі. 

Әзірге әліптің артын бағайық ...

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама