Андраде Әлімханұлынан қаша ма? Маман бұл айқасқа қатысты ойын айтты

©Bad Left Hook

Орта салмақтағы WBO белбеуінің чемпионы америкалық Деметриус Андраде (31-0, 19 КО) келесі кездесуін міндетті қарсыласы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен (11-0, 7 КО) өткізетін сияқты. Мұндай пікірді Vesti.kz тілшісіне берген сұқбатында FightSpace жобасының негізін қалаушы Григорий Стангрит айтты. 

"Чемпион белбеуге үміткермен екі жағдайда кездесу өткізбейді. Бірінші - гонорары үлкен жекпе-жек үшін. Екінші - бокс әлеміндегі жұлдызбен кездесу үшін. Бірақ дәл қазір Андрадеде екі себеп те жоқ. 

Осы жағдайларды ескере отырып, мен Деметриус келесі кездесуін Әлімханұлымен өткізеді деп айтқым келеді. Дегенмен кездесудің промоутерлік бәс саудасын да көру керек. Оның қалай аяқталары белгісіз", - деді Стангрит. 

Еске салайық, бұған дейін WBO екі боксшының командасы жекпе-жекті ұйымдастыру туралы келісімге келуін талап етіп, хат жіберді. Енді екі жақ тез арада бітімге келу керек. Кері жағдайда айқасты өткізу құқығы аукционға қойылады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар