Ringnews24 порталының шолушысы Джеремайя Прейссер кәсіпқой бокста керемет белсенді болмаса да Данияр Елеусіновтің (11-0, 6 КО) болашағы жарқын екенін айтты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
"Жасы 30-дан асып бара жатқаны өкінішті. Бірақ оның әлі бағындырар белесі көп", - деп жазды шолушы твиттер парақшасында.
Еске салайық, Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы соңғы кездесуінде аргентиналық Хуан Эрнан Леаоны (15-2, 4 КО) жеңіп, жартылай орта салмақта IBO чемпионы атанды.