auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Америкалық сарапшы Қанат Исламға Кирклендпен кездесудің не үшін керегі жоқ екенін түсіндіріп берді

Америкалық сарапшы Қанат Исламға Кирклендпен кездесудің не үшін керегі жоқ екенін түсіндіріп берді
Америкалық бокс сарапшысы Джо Мак Vesti.kz порталының тілшісіне бірінші орта салмақтағы WBO NABO және WBA Inter-Continental тұжырымдары бойынша әлемнің жаңа чемпионы Қанат "QAZAQ" Исламға (24-0, 19 КО) америкалық боксшы Джеймс Кирклендпен кездесудің не үшін керегі жоқ екенін түсіндіріп берді. 

"Қанат Исламға бұл кездесудің керегі жоқ. Кирклендтің бұған дейін де жанкүйерлері көп емес еді. Оның соңғы кездесуін өткізгеннен уақыттан бері екі жыл өтті. Сондықтан қазір ол АҚШ жерінде де сұранысқа ие боксшылардың қатарынан емес. Кирклендке қарсы кездесу Қанат Ислам үшін керек емес. Ол тек уақыт жоғалтады. Ал Исламның уақыты қазіргі уақытта аз қалды. Сондықтан басқа қарсылас іздегені дұрыс болар. Тіпті салмақ ауыстырып көрсе де болады. Ол мықты боксшы. Сондықтан мықты қарсылас таңдауы керек дейді", - дейді Джо Мак. 

Ал бұған дейін ресейлік кәсіпқой боксшы Сергей Ковалевтің бұрынғы бапкері болған Дерек Сантос-Россарио Кирклендпен жекпе-жек Қанат Ислам үшін АҚШ жерінде жаңа мүмкіндіктерді ашатынын мәлімдеген еді. 

Еске салайық, Қанат Ислам өзінің соңғы кездесуін 26 мамыо күні мексикалық Норберто Гонсалеске қарсы өткізіп, 12 раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Сөйтіп орта салмақтағы WBO NABO и WBA Inter-Сontinental тұжырымы бойынша чемпиондық белбеулерін жеңіп алды. Қазіргі уақытта отандасымыздың еншісінде 24 кездесу бар және боксшымыз оның барлығында жеңіске жеткен. 19 кездесу ол қарсыластарын нокаутқа жіберген.

Бұл жеңісінен кейін Ислам BoxRec порталының рейтингінде бірінші орта салмақтағы боксшылардың арасында 27 сатыға жоғарылап, 26 орынға жайғасты.

Қанат Исламның соңғы кездесуінен кейін қазақстандық боксшы мен Кирклендің командасы жекпе-жек өткізу үшін келіссөз жүргізіп жатыр деген мәлімет шыққан болатын. Бұл кездесу 9 қыркүйек күні елордамыз Астана қаласында өтуі ықтимал. Америкалық боксшы бұл кездесу үшін Қазақстанға келуге дайын екенін де айтты.


Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама