Америкалық сарапшы Әлімханұлының жекпе-жегінде нокаут болатынын мәлімдеді

©Top Rank

Америкалық Delcotimes.com порталының шолушысы Джек МакКаферри Vesti.kz порталының тілшісіне берген сұқбатында орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) WBO белбеуінің "уақытша" чемпионы атағы үшін айқаста ұлыбританиялық Дэнни Дигнумды (14-0-1, 8 КО) оңай жеңетінін айтты. 

Ұлыбританиялық боксшы осы аптада Хайме Мунгияның (39-0, 31 КО) орнын басып, енді отандасымызбен жұдырықтасатын болды. 

"Осыған дейін айтылған боксшылар арасында Дэнни Жәнібектің ең әлсіз қарсыласы. Дигнумның соққысы нашар. Соңғы кездесуінде ол тең түсті. Орта деңгейдегі боксшы. Ал Әлімханұлы бұл деңгейден өсіп кетті. Бұрынғы әлем чемпиондарын жеңіп, қазақстандық боксшы қандай қауіп төндіретінін көрсетті. Одан қазір барлығы қорқады. Ал алдағы айқаста Әлімханұлы қарсыласын нокаутқа түсіреді. Жүз пайыз сенімдімін", - деді МакКаферри. 

Еске салайық, ұлыбританиялық боксшы Әлімханұлының жарты жылдағы төртінші қарсыласы болып тіркелді. Осыған дейін отандасымыздың қарсыласы ретінде WBO чемпионы америкалық Деметриус Андраде (31-0, 19 КО), бразилиялық Эскива Фалькао (29-0, 20 КО) және Хайме Мунгия қарастырылған болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар