Америкалық боксшы Скотт Сигмон (35-14-1, 18 КО) отандасымыз Али Ахмедовтің (16-1, 12 КО) келесі қарсыласы болуы керек еді. Бірақ ол жекпе-жектен бас тартты. Vesti.kz порталына берген сұқбатында ол не үшін кездесуден бас тартқанын айтып берді.
BoxRec ақпараты бойынша, он раундқа жоспарланған бұл кездесу 12-наурыз күні Плант-Сити (Флорида штаты, АҚШ) қаласында кездесуі керек болатын. Бірақ америкалық боксшы бас тартты.
"Мен негізі Ахмедовпен кездескім келді. Біз жақсы айқас көрсететін едік. Бірақ оның промоутері маған өте аз ақша ұсынды. Осыдан кейін промоутерлік Ахмедовке сенбейді ме деп ойладым. Олар маған соңғы рет ақпанның ортасында хабарласты. Енді Box Rec-ке қарамай-ақ қойыңыздар. Біздің жекпе-жегіміз өтпейді", - деді Сигмон.
Бұл кездесу Ахмедов үшін 2021 жылдағы бірінші жекпе-жек болуы керек еді. Отандасымыз соңғы рет шаршы алаңға өткен жылдың желтоқсан айында шығып, IBO белбеуі үшін кездесуде эквадорлық Карлос Гонгорадан (18-0, 13 КО) жеңіліп қалды.
Еске салайық, Ахмедов кәсіпқой бокстағы карьерасын 2016 жылы бастады. Ал 2019 жылдан бері GGG Promotions компаниясымен жұмыс істеп келеді.