Америкалық боксшы қыз қарсыласын 7 секундта құлатып чемпион атанды

Сурет: tapology.com

Ең жеңіл салмақта америкалық Сениеса Эстрада мен Миранда Эдкинс арасындағы кездесуде бокс тарихындағы ең жылдам нокауттардың бірі тіркелді. 

Кездесу бастала салысымен Эстрада шабуылға шығып, жеті секундтың ішінде жеңіске жетті. Ол 42 жастағы Миранда Эдкинсті ауыр нокаутқа түсіріп, WBC Silver белбеуін жеңіп алды. 



28 жастағы Эстрада кәсіпқой бокстағы 19 жеңісіне жетіп отыр. Сегіз рет қарсыластарын нокаутқа түсірген. Ал Миранда Эдкинс болса бірінші рет жеңіліп тұр. Бес рет жеңген. Барлық кездесулерінде қарсыластарын нокаутқа түсірген. 



 

Метки:
Жаңалықтар