"26 қыркүйек күні жақсы дайындықпен шығамын. Бұл бұрынғы кездесулерге қарағанда басқаша айқас болады. Мен бұрынғы жекпе-жектеріме қарағанда басқаша жұдырықтасамын. Кездесу қай раундта аяқталады? Әзірше сіздер осы туралы ойлана жүріңіздер.
Чемпионның айтуынша, оның алдағы кездесудегі жоспары Деревянченкоға шаршы алаңға ешқандай әрекет жасатппау екен. "Барлығын жекпе-жек күні кешке көресіздер. Мен оны нокаутқа түсіремін. Менің соққым ауыр. Кез-келген боксшыны құлата аламын. 26 қыркүйек күні Чарло бокстың болашағы екенін көрсетемін", - деді америкалық боксшы.
Айта кетейік, бұл Деревянченко үшін чемпиондық белбеуді жеңіп алуға үшінші мүмкіндік. Бұған дейін ол екі рет ұмтылып көріп, екеуінде де жеңіліп қалды. 2018 жылы ол Даниэль Джейкобстан жеңілсе, өткен жылы Геннадий Головкиннен ұтылды.