Альварестің промоутері Головкинге жасалған ұсыныс жайлы айтып берді
Оскар Де Ла Хойя. © boxingscene.com
Golden Boy Promotions компаниясының басшысы, WBO тұжырымы бойынша бірінші орта салмақтағы әлем чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (48-1-1, 34 КО) өкілі Оскар Де Ла Хойя WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, орта салмақтағы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге (36-0, 33 КО) жасаған ұсынысы жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Айта кетейік, тараптар былтырдан бері қаржы мәселесіне қатысты келісімге келе алмай жатқан болатын. Сол кезде "Канелоның" Головкинге жекпе-жек үшін 15 миллион доллар гонорар берілетіні айтылған еді. Бірақ Головкиннің командасы кездесуден түскен табысты екеуінің теңдей бөліп алуын қалайды екен.
Алайда Де Ла Хойя ұсыныстың кешенді болғанын, яғни, олар жасаған ұсыныста Головкиннің белгілі бір сомадағы гонорар мен ақылы трансляциядан (PPV) түскен табыстың пайызын алатынын айтқан.
"Головкиннің командасына бұл ұсыныс ұнамайтын болса, біз оған кінәлі емеспіз. Ұсыныс жасалды. Головкин расында да "Канеломен" жекпе-жек өткізгісі келсе, ол мансап жолындағы ең табысты гонорарды алуы мүмкін. Менің айтқым келетіні, "Канело" ешкімнен қашып жүрген жоқ. Ол мықтылармен және Головкинмен жұдырықтасқысы келеді", - деді промоутер.

Жарнама