Профи-бокс
22 ақпан 2018 13:55
 
Альварестің бапкері Головкинді жеңу жолын айтты

  Пікірлер

blog.share

Альварестің бапкері Головкинді жеңу жолын айтты

Мексикалық Сауль "Канело" Альварестің бапкері Хосе Рейносо қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді жеңу жолын айтты, - деп хабарлайды vRINGe.com.

"Головкин дәл солай өнер көрсетеді, ол өзгерістер енгізбейді. Соған қарамастан біз барлық жағдайды ескеріп, дайындықтар істейміз. Головкинді жеңу жолы - "Канелоның" физикалық тұрғыдан басымдылыққа ие болуы, ол дайын болады.

Қыркүйекте төрешілердің шығарған шешімі ешкімге де ұнаған жоқ - көрермен де, боксшылардың командаларына да. Осы жағдай ыңғайсыздық туғызды. Әрбір фанат өзі жанкүйерлік ететін боксшысының жеңетінін алға тартады. Сол себепті де көп созбай екінші жекпе-жек өткізу ұйымдастырғалы жатыр. "Барлығы да бақытты", - деді Рейносо ESPN Deportes басылымына берген сұхбатында.

Рематч 5 мамырға белгіленген, алайда қай жерде болатыны белгісіз. Жекпе-жек Лас-Вегас немесе Нью-Йорк қаласында өтуі мүмкін.

Еске сала кетейік, Головкин мен Альварес бірінші рет 2017 жылы 16 қыркүйекте Лас-Вегаста кездескен еді. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Головкин мен Альварес тең түсіп, Головкин барлық титулын сақтап қалды.

Жарнама

Живи спортом!