auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Альваресті жеңгеннен кейін, Головкинмен реванш өткіземін - Дэниэл Джейкобс

Альваресті жеңгеннен кейін, Головкинмен реванш өткіземін -  Дэниэл Джейкобс
© boxingnews24.com

Орта салмақтағы IBF чемпионы америкалық боксшы Дэниэл Джейкобс мексикалық Сауль "Канело" Альваресті жеңген жағдайда, қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен кездесуге ниетті екенін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz порталы Аllboxing.ru сайтына сілтеме жасап. 

"Бұл Мен үшін тамаша сценарий, өйткені мен Головкинмен бірінші жекпе-жекте жеңіске жеткеніме сенімдімін. Сондықтан, мен "Канелоны" жеңген кезде, Головкинмен есепті теңестіру үшін реванш аламын. Өз алдымда, мен оны жеңдім", - деді Дэниэл Джейкобс lvsportsnetwork.com сайтына берген сұхбатында. 

Боксшы Сауль Альварестің өте мықты қарсылас екенін түсінеді, бірақ ол 4 мамырда жеңіске жету үшін өзіндегі мықты тұстарының барлығын іске қосатынын айтады. 

"Мен физикалық тұрғыдан одан мықтымын, бойым да биік, денемде ірі. Ол маған қарағанда әлдеқайда кішірек.  Сондықтан мен өз бойымды, арақашықтықты және қолымның ұзындығын пайдалана аламын. Мен оның спорттағы мансабындағы ең ірі қарсыласпын. Альварес көптеген маңызды факторларды ескеру керек, бірақ ол дарынды боксшы, сондықтан маған да үлкен жұмыс істеу керектігін түсінемін, - деді Джейкобс.

"Бокстың ең ірі жұлдыздарының біріне қарсы шығуға мүмкіндік алу тамаша. Егер Мен оған жеңіске жетсем, Ол мені өз буынының ең үздік орта салмақтарына айналдырады. "Канело" маған бұл мүмкіндік бергеніне қуаныштымын. Көрермендерді тамаша жекпе - жек күтіп тұр", - деп атап өтті ол.

Айта кетейік, Головкин Джейкобсты төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңген еді. Сонымен қатар, қазақстандық боксшы спорттық мансабында алғаш рет 12 раунд бойы жұдырықтасты. 

Головкин келесі жекпе-жегінде "Канеломен"кездесті. Бұл жекпе-жек 2017 жылдың қыркүйек айында Лас-Вегаста өтті. 12 раундтың қорытындысы бойынша кездесу тең аяқталды, бірақ бұл қазақстандық боксшыға орта салмақтағы WBA Super, WBC, IBF және IBO титулдарын сақтауға мүмкіндік берді. 

Бір жылдан кейін Головкин мен" Канело " тағы да Лас-Вегаста кездесті. Бұл жолы төрешілер мексикалық боксшыға жеңісті берді. Головкин WBA Super, WBC және IBO титулдарын айырылды. Сондай-ақ, Альварес The Ring чемпионы атағын жеңіп алды.

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футзал
  • Футзал
  • Футбол
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
2 сәуір, 16:02
Кәсіпқой бокс
©instagram.com/janibek_alimkhanuly Top Rank Жәнібекке үн қатты

Жарнама

Жарнама