"Альвареспен реванш өтетіні туралы ресми мәлімет жоқ" - GGG командасы
Қазақстандық боксшы Геннадий головкин командасының өкілі Жанар Өтешова мексикалық Сауль Альвареспен үшінші жекпе-жек өткізу туралы келіссөздер жүргізіліп жатқаны туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мынаны анықтап алу керек: бүгінде ресми мәлімдеме жоқ. Мен олардың (Альварес командасы - авт. түсіндірмесі) үшінші жекпе-жек туралы айтқаны не жазғанына сенбеймін. Олардың екі жекпе-жек алдында айтқан бос сөздеріне үйренетін кез келді?!", - деді Өтешова Instagram желісіндегі парақшасында.
Оның айтуынша, мексикалық боксшының командасы Головкинді масқара етуді мақсат еткен.
"Қысқа ғана жауап қайтарар болсақ: Мен үшінші жекпе-жек туралы не айтып не жазса да сенбес едім. Себебі оның барлығынын сол тарап жазып шығарып жүр", - деді ол.
Айта кетейік, Головкин - Альварес арасындағы екі кездесу Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтті. 2017 жылы өткен жекпе-жек тең аяқталды, ал 12 айдан соң кездесуде төрешілердің көпшілігінің шешімімен мексикалық боксшы жеңіске жетті. Осылайша Головкин барлық белбеулерінен айырылып қалды.
Жарнама