Альварес пен Головкин рематчқа бір ай қалғанда салмақ өлшеді
Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинге (38-0-1, 34 КО) қарсы өткізетін екінші кездесуінбір ай уақыт қалғанда салмақ өлшеу рәсімінен өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Альварестің нәтижесі - 167,4 фунт (75,9 келі). Негізінде орта салмақта 176 фунтқа (79,8 келі) дейін салмақ қосыға болады.
Осыған дейін, Головкиннің де нәтижесі жарияланған еді, ол да белгіленген лимитке сәйкес 168,3 фунт (76,3 келі) нәтиже көрсеткен еді.
Айта кетейік, Головкиннің нәтижесін оның промоутері Том Леффлер жариялады, ал Альварестікін - WBC президенті Маурисио Сулейман жариялады.
"Дұрыс салмақ дәрежесін көрсету үшін дұрыс бағыт", - деп жазды Сулейман Twitter желісінде жарияланған суреттің сипаттамасында.
@Canelo WBC 30 day weigh in 167.4 ! Perfectly en route to safely make weight #CaneloGGG2 @GoldenBoyBoxing @NoBoxingNoLife1 @WBCBoxing pic.twitter.com/8MZAyPLxAo
— Mauricio Sulaiman (@wbcmoro) 14 августа 2018 г.
Қазақстандық пен мексикалық боксшы арасындағы екінші кездесу 15 қыркүйекте АҚШ-тың Невада штаты Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile аренасында өтеді. Бір жыл бұрын дәл осы жерде қос боксшы кім мықтыны анықтай алмаған еді.
Жарнама