auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Альварес - Чавес жекпе-жегінің PPV сатылымы Головкиннің көрсеткішінен жеті есе асып кетті

Альварес - Чавес жекпе-жегінің PPV сатылымы Головкиннің көрсеткішінен жеті есе асып кетті
© Golden Boy Promotions
Лас-Вегаста өткен Сауль "Канело" Альварес (49-1-1, 34 КО) пен кіші Хулио Сезар Чавес (50-3-1, 32 КО) арасындағы жекпе-жек НВО арнасындағы ақылы көрсетілім жүйесінде қыруар пайда алып келді, деп жазады Vesti.kz порталы. 

ESPN арнасымының сарапшысы Дэн Рафаэльдің мәліметі бойына, екі мексикалық боксшының жекпе-жегін кем дегенде миллион көрермен тамашалапты. 

Осылайша Альварес - Чавес арасындағы жекпе-жектің ақылы көрсетілімі қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (32-2, 20 КО) мен Дэниель Джейкобс 32-2, 20 КО) арасындағы Нью-Йоркте өткен жекпе-жектің көрсеткішінн жеті есе асып түсті. Отандасымыздың соңғы жекпе-жегін 170 мың көрермен ақылы жүйе бойынша тамашалаған еді. 

Одан бөлек, Чавес Альварес үшін PPV сатылымы бойынша соңғы жылдардағы ең күшті қарсылас атанды. 

Головкин - Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйекте өтеді.НВО арнасы бұл кездесуді PPV арқылы таратады. Алайда қайда өтетіні әзірше нақты белгілі болмай тұр. 

Қазіргі таңда Головкин - Альварес жекпе-жегін өткізуге сегіз спорт кешенінен ұсыныс түскен. Олардың ішінде Лас-Вегастағы, Нью-Йорк қаласында орналасқан Madison Square Garden және Далластағы AT&T Stadium стадионы секілді танымал спорт кешендері бар. АҚШ-тан бөлек Ұлыбритания астанасындағы "Уэмбли" және Мехиконың "Ацтек" стадиондары да бұл жекпе-жекті қабылдауға ынталы.


Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама