Әлімханұлының менеджері әлем чемпионының жекпе-жектен бас тартуына байланысты пікірін айтты

©instagram.com/klimasmanagement/

Америкалық Деметриус Андраде (31-0, 19 КО) қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен (11-0, 7 КО) жекпе-жек өткізбей, орта салмақтағы WBO белбеуінен бас тартатын сияқты, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Осыған орай қазақстандық боксшының менеджері Эгис Климас бұл жағдайға байланысты пікірін білдірді. 

"Мен Андрадені Әлімханұлымен кездесу өткізуден бас тартуына айып тақпаймын. Бірақ мен Эдди Хирн мен Андраденің соңғы шешімді шығаруын неге созып жатқанын түсінбеймін. Олар әу баста-ақ Жәнібекпен жекпе-жек өткізбейтінін білді. Дегенмен олар неге бас сауданы өткізу уақытын созып жатыр. Олар қазір Әлімханұлының қолын байлап қойды", - деп жазды менеджер твиттер парақшасында. 

Енді Әлімханұлы бос қалатын WBO белбеуі үшін айқас өткізетін шығар. Оның қарсыласы бразилиялық Эскива Фалькао (29-0, 20 КО) болуы мүмкін. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар