Кәсіпқой бокс
18 мамыр 2022 18:31

Әлімханұлынан қашқан мексикалық Қанат Исламды жеңген боксшымен айқасады

©boxingscene.com

1 маусым күні Анахайм (Калифорния штаты, АҚШ) қаласындағы Honda Center спорт кешенінде әлемнің бұрынғы чемпионы, орта салмақтағы мексикалық Хайме Мунгия (39-0, 31 КО)  мен ұлыбританиялық Джимми Келли (26-2, 10 КО) жекпе-жек өткізеді, деп жазады vRINGe.com порталы ESPN Mexico басылымына сілтеме жасап. 

Осыған дейін Мунгия WBC белбеуінің иегері Джермалл Чарломен кездесу өткізеді деген еді. Бірақ екі боксшы сыйақы мәселесіне келісе алмады. Содан соң Хайме ақша мәселесі бойынша америкалық Дэниель Джейкобспен де бітімге келмеді. Кейін мексикалық орта салмақтағы WBO белбеуін Жәнібек Әлімханұлына қарсы кездесуде сарапқа салуы керек еді. Бірақ Мунгия бұл айқастан да бас тартты. 

Мексикалық боксшы орта салмақтағы WBO белбеуінің иегері америкалық Деметриус Андрадемен де кездесетін мүмкіндігі болды. Дегенмен ол кезде Хайме орта салмаққа әлі бой үйретпегенін айтып, тағы да келіспеді. Осылайша, Мунгия енді Келлимен жұдырықтасатын болды. 

Келли 2015 жылы бірінші орта салмақта WBO белбеуіне үміткер болды. Бірақ отандасы Лиам Смитке қарсы жекпе-жекте жеңілді. Соңғы кездесуін ол қазақстандық Қанат Исламға (28-1, 22 КО) қарсы өтізіп, біздің боксшыдан айласын асырды. 

Айта кетейік, бұл Исламның кәсіпқой бокстағы бірінші жеңілісі болды. Әлімханұлы болса шаршы алаңға 22 мамырда оралады. Ол орта салмақтағы WBO белбеуінің "уақытша" чемпионы атағын ұлыбританиялық Дэнни Дигнуммен (14-0-1, 8 KO) сарапқа салады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport