Профи-бокс
12 наурыз 2022 09:06

Әлімханұлы орта дивизонда "ең қаһарлы боксшы" болып шықты

©Top Rank

Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) Бүкіләлемдік бокс ұйымының "уақытша" чемпионы үшін өтетін кездесуде қарсыласының ауысуына байланысты пікір білдірді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Бұған дейін WBO ұйымы Хайме Мунгияның (39-0, 31 КО) орнына қазақстандық боксшымен кездесуге WBO Europe белбеуінің иегері Дэнни Дигнум (14-0-1, 8 КО) болатынын мәлімдеді

"Орта салмақтың ең қорқынышты боксшысы екенімді айттым ғой", - деп жазды боксшымыз әлеуметтік желісінде. 

Еске салайық, осыған дейін Әлімханұлымен кездесуден Мунгиядан бөлек WBO белбеуінің иегері Деметриус Андраде (31-0, 19 КО) мен Эскива Фалькао (29-0, 20 КО) "қашып" кеткен болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport