Әлімханұлы мен Головкин қандай жағдайда айқасатыны айтылды

©boxingnews24.com

Boxingnews24.com порталының шолуышысы Крейг Дейли қазақстандық боксшылар Жәнібек Әлімханұлы мен Геннадий Головкин қандай жағдайда жекпе-жек өткізетіні туралы жазды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

"Егер Головкин Top Rank промоутерлік компаниясымен келісімшарт жасайтын болса, бұл компанияның басшылары одан орта салмақта WBО белбеуінің иегері Жәнібек Әлімханұлымен кездесу өткізуді талап етеді", - деп жазады автор өз мақаласында. 

Айта кетейік, Головкин өткен жексенбі күні Лас-Вегаста супер орта салмақтағы әлемнің абсолют чемпионы Сауль "Канело" Альвареспен кездесіп, төрешілердің шешімі бойынша жеңіліп қалды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар