Әлімханұлы жылды қорытындылап чемпиондық кездесу туралы мәлімдеме жасады

©instagram.com/janibek_alimkhanuly/

Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) жылды қорытындылап, келер жылы чемпиондық кездесу өткізуге қатысты мәлімдеме жасады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

"Аллаға шүкір, 2021 жыл біздің команда үшін берекелі жыл болды. Екі бірдей бұрынғы әлем чемпионын ұттық. WBO тұжырымы бойынша чемпиондыққа міндетті қарсылас атандық. Бұл біз үшін тарих. Бұйыртса келер жылы әлем чемпионы атанып, әлемді шулатамыз! Жеңісте, жақсылықта жүздесейік!", - деп жазды Әлімханұлы. 

Еске салайық, бұған дейін Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) Жәнібекті осы салмақта әлем чемпионы америкалық Деметриус Андраденің (31-0, 19 КО) міндетті қарсыласы етіп тағайындады.

Айта кетейік, Әлімханұлы өзінің соңғы кездесуін 21 қараша күні Лас-Вегаста (АҚШ) өткізіп, әлемнің бұрынғы чемпионы франциялық Хассан Н'Дам Н'Жикамды (38-6, 21 КО) сегізінші раундта нокаутпен жеңді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар