Кәсіпқой бокс
4 мамыр 2021 23:16
 

Әлімханұлы жарақатынан кейін қайта оралды. Келесі кездесуінің де уақыты белгілі

  Пікірлер

blog.share

Әлімханұлы жарақатынан кейін қайта оралды. Келесі кездесуінің де уақыты белгілі Сурет: instagram.com/janibek_qazaqstyle

Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) жарақатынан айықты, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

blog.share

Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) жарақатынан айықты, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Боксшының Instagram парақшасында таратқан ақпарат бойынша, ол шаршы алаңға оралуға да дайын екен. 

Еске салайық, Әлімханұлы шаршы алаңға 27 ақпан күні Алматы қаласында шығу керек еді. Алайда ол жарақатына байланысты жекпе-жектен бас тартты. Отандасымыз қазіргі уақытта орта салмақта WBO Global және WBC Continental Americas белбеулерінің иегері. 

"Құрметті жанкүйерлер! Жәнібектің жарақаты жазылды! Аллаға шүкір! Жекпе-жек уақыты да қарсылас та белгілі. Жақында жарияланады. Жақсылап жаттығу жасап әлемге QAZAQ STYLE-ды көрсету үшін Америкаға аттанып барамыз", - делінген әлеуметтік желідегі жазбада. 

Жарнама

Живи спортом!