"Бұл бокс кешіне дайындық жүргізген спортшыларға өкінішті. Біз барлық жұпты анықтап қойған едік. Барлық кездесудегі жұптар мықты.
Жекпе-жек кешін жанкүйерлер асыға күтті. Боксшылар болса ауыр жаттығу жасап қана қоймай, салмақтарын да қууып жатқан болатын.
Боксшыларға бірден кеш жанкүйерсін санитарлық эпидемиологиялық шараларды сақтап өтетінімізді айттық. Қазір енді мәжбүрлі түрде бокс кешін кейінге шегеріп отырмыз.
Енді кештің қашан өтетінін еліміздегі екі апталық карантиннен кейін ғана айта аламыз. Карантин аяқталсын. Сосын шешім шығарамыз.
Еліміздегі және бүкіл әлемдегі адамдар сияқты коронавирус жаман түс сиықты өтіп кетеді деп үміттенеміз", - деді Салықбаев.
Еске салайық, еліміздегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты 5 шілде күні Қазақстанда екі апталық карантин жарияланған болатын. Онда іс-шараларды өткізуге тиым салынды. Оның ішінде спорттық іш шаралар да бар.
Алматыдағы бокс кешін АҚШ жерінде ESPN арнасы және IFL TV платформасы көрсету керек болған. Ал елімізде Qazsport арнасы көрсету керек еді.
Бұл кеште Тұрсынбай Құлахмет кәсіпқой бокстағы өзінің бірінші кездесуін өткізу керек болған. Оның қарсыласы Сағадат Рақманқұл. Одан бөлек, Талғат Шәйкен мен Берікбай Нұрымбетов шаршы алаңға шығуы керек тұғын.