Әли Ахмедовтің шаршы алаңға қашан оралатыны белгілі болды
Екінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Әли Ахмедовтің (16-1, 12 КО) шаршы алаңға қашан оралатыны белгілі болды,- деп хабарлайды Vesti.kz порталы.
BoxRec.com ақпараты бойынша, Ахмедов шаршы алаңға 12-наурыз күні АҚШ-тың Флорида қаласында шығады. Жекпе-жектің қайда өтетіні және боксшымыздың қарсыласы кім болатыны әзірге белгісіз.
Еске салайық, Ахмедов соңғы кездесуін 2020 жылдың 19-желтоқсанында Флорида штатының Голливуд қаласында өткізіп, эквадорлық боксшы Карлос Гонгорадан (19-0, 14 КО) нокаутпен жеңіліп қалды. Бұл кездесуде жартылай орта салмақтағы IBO белбеуі сарапқа салынған еді.
Ахмедов Геннадий Головкиннің GGG промоутерлік компаниясымен жұмыс істеп, америкалық бапкер Джонатан Бэнкстің қол астында жаттығады.

Жарнама