Али Ахмедовтің келесі кездесуі қашан өтетіні анықталды

Сурет: nstagram.com/ali_akhmedov_officialpage

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Али Ахмедов келесі кездесуін 31 шілде күні Альбукерке (Нью-Мехико шаты, АҚШ) қаласында өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Алдағы кездесуде Ахмедовтің қарсыласы 36 жастағы перулік Давид Зегарра (34-5, 21 КО) болады. 

Айта кетейік, Ахмедов өзінің соңғы кездесуін желтоқсан айында өткізген болатын. Екінші орта салмақта IBО белбеуі сарапқа салынған кездесуде отандасымыз экводорлық Карлос Гонгорадан жеңілді. Жекпе-жектің соңына қарай Ахмедов нокаутқа түсті. Бұл оның карьерасындағы бірінші жеңілісі. Ал қазақстандық боксшының еншісінде 16 жеңіс бар. 

Зегарра болса маусым айында IBF тұжырымы бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы канадалық Давид Лемьемен кездесіп, ұтылып қалды. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар