Профи-бокс
23 тамыз 2017 12:17
 
Әли Ахмедов WBC рейтингінде 25 саты жоғары көтерілді

  Пікірлер

blog.share

Әли Ахмедов WBC рейтингінде 25 саты жоғары көтерілді

Жартылай ауыр салмақта өнер көрсететін Әли Ахмедов жастар арасында WBC белбеуін жеңіп алғаннан кейін Бүкіләлемдік бокс кеңесінің рейтингінде 25 саты жоғары көтерілді, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

20 тамыз күні Остин қаласында (АҚШ, Техас штаты) 22 жастағы Ахмедов 23 жастағы жеңіліп көрмеген америкалық кіші Кертис Хиллмен (10-1, 5 КО) кездескен болатын. Бұл жекпе-жектің төртінші раундында отандасымыз қарсыласын нокаута түсірді. 

Осылайша отандасымыз жастар арасындағы WBC белбеуін жеңіп алды. Бұл Ахметов үшін кәсіпқой бокстағы сегізінші жеңісі еді. Оның алты кездесуінде қазақстандық боксшы қарсыластарын нокаутпен жеңген. 

Бұл жеңісінен кейін Ахмедов жартылай ауыр салмақта BoxRec.com порталының мәліметі бойынша, 98 орыннан 73 сатыға көтерілді. Бұл салмақта бірінші орында WBO, IBF және WBA тұжырымдары бойынша әлем чемпионы америкалық Андре Уорд (32-0, 16 КО) тұр. 

Айта кетейік, кеше Ахмедов Алматыға келді. Енді ол 9 қыркүйек күні елордамыз Астана қаласында өтетін бокс кешіне дайындалады. 

Жарнама

Живи спортом!