Профи-бокс
19 қазан 2017 15:50
 
Әли Ахмедов WBC белбеуін желтоқсан айының басында қорғайды

  Пікірлер

blog.share

Әли Ахмедов WBC белбеуін желтоқсан айының басында қорғайды Әли Ахмедов. ©:Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Әли Ахмедов (9-0, 7 КО) жартылай ауыр салмақтағы WBC кеңесінің жастар арасындағы чемпиондық белбеуін желтоқсан айының басында қорғайды, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Отандасымыздың қарсыласы америкалық кіші Роберто Сильва болады. Ол кәсіпқой бокста 10 кездесу өткізіп, біреуінде ғана жеңілген. 

"АҚШ-қа желтоқсан айының басында ұшып кетемін. Алдағы қарсыласым қарымды. Соққылары мықты екен. Жекпе-жек қызықты болады деп сенемін", - дейді Ахмедов алдағы жекпе-жегі туралы. 

Айта кетейік, Ахмедов пен Сильва арасындағы кездесу 10 раундқа жоспарланып отыр. Дәл осы бокс кешінде тағы бір қазақстандық боксшы, екінші жеңіл салмақта қнер көрсететін Ескендік Хасан (2-0, 2 КО) шаршы алаңға шығады. Оның қарсыласы 29 жастағы Давид Альфаро (1-0) болмақ. Кездесу 6 раундта жалғасады. 

Жарнама

Живи спортом!