Профи-бокс
4 қазан 2022 14:04

Али Ахмедов Росадоны неге нокаутқа жібермегенін түсіндірді

©Vesti.kz, Тұрар Қазанғапов

Екінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Али Ахмедов соңғы жекпе-жегі туралы пікірін айтты. 

Еске салайық, Ахмедов Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварес арасындағы трилогияның андеркардында өнер көрсетіп, америкалық Гарбиэль Росадодан айласын асырған болатын. 

"Мен Росадоны жақсы білемін. Өте мықты боксшы. Біраз уақыттан бері кәсіпқой бокста өнер көрсетеді. Кез-келген боксшы үшін мықты қарсылас. Гейб - жауынгер. Мен ара-қашықтықты сақтап жұдырықтасуға тырыстым. Себебі оның төбелескісі келгенін білдім. Дистанцияны ұстағаным дұрыс болды. Соққы көп жібермедім. Мен әу баста 10 раунд жұдырықтасуды жоспарладым. Нокаутқа түсіремін деген ой болмады. Өйткені, алда мені бұдан да мықты кездесулер күтіп тұр. Сол айқастарға дайындық ретінде қарадым", - деп келтіреді Ахмедовтің сөзін The Ring порталы. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport