Екінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық кәсіпқой боксшы Али Ахмедов кәсіпқой бокстағы кезекті жеңісіне жетті, деп жазады Vesti.kz.
Отандасымыз бүгін Венесуэла елінің өкілі Пол Валенсуэламен кездесті.
Монтебелло (АҚШ) қаласындағы айқас он раундқа жоспарланған болатын. Бірақ жекпе-жек бірінші раундта аяқталды. Ахмедов қарсыласын нокаутқа түсірді.
Бұл Ахмедовтің карьерасындағы 18-ші жеңісі. Ол 14 кездесуде қарсыласын нокаутпен жеңді. Ал Валенсуэла болса 11 мәрте жеңілді.
Еске салайық, Ахмедовтің кездесулерін орта салмақта IBF және IBO белбеулерінің иегері Геннадий Головкин негізін қалаған GGG Promotions ұйымдастырады. Ал дәл осы кездесуге оны Максим Головкин дайындады.