21 жастағы қазақстандық боксшы Әли Ахмедов (6-0-0, 4 КО) және оның 30 жастағы қарсыласы америкалық Кент Холланд (4-0-1, 2 КО) жекпе-жек алдында салмақ өлшеді, деп хабарлайды
Vesti.kz.
Салмақ өлшеудің қорытындысы бойынша қазақстандық боксшы 174,5 фунтты көрсетіп, жартылай ауыр салмақты лимиті - 175 фунттан (79,4 келі) асып кетпеді. Ал оның қарсыласы лимиттен асып кетіп, 180 фунтты көрсетті. Осылай ол кәсіпқой бокстың ережесі бойынша жеңіске жетсе, белбеуге үміткер болмайды.
АҚШ-та 30 маусымға жоспарланған жекпе-жекте Ахмедов WBC - NABF титулы үшін таласатын болады. Бокс кеші Миннеаполисте өтеді. Ал оның қарсыласы Холланд кәсіпқой бокста 2014 жылдан бері өнер көрсетіп келеді.
Америкалық боксшы өзінің соңғы жекпе-жегін биыл сәуірде өткізген еді. Ол өз отандасы Остин Бикерманды нокаутқа түсірген болатын. Жекпе-жек бірінші ауыр салмақта өтіп, бірінші раундта аяқталды.
Ахмедовке келер болсақ, ол 30 маусымда биылғы бірінші жекпе-жегін өткізеді. Миннеаполистегі кездесуден кейін қазақстандық боксшы шілдеде, тамызда және қыркүйекте шаршы алаңға шығып, жыл соңына дейін ауыр салмақтағы үздік ондыққа кіруді жоспарлап отыр.
Жарнама