Али Ахмедов Головкинмен бірге жасайтын жаттығулары туралы айтып берді

©instagram.com/ali_akhmedov_officialpage

Екінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Али Ахмедов (18-1, 14 КО) әлеуметтік желісіне Геннадий Головкинмен (42-1-1, 37 КО) бірге өткізіп жатқан жаттығуынан сурет салды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Жекпе-жектерін GGG Promitions промоутерлік компаниясы ұйымдастыратын Ахмедов Головкинмен өткізіп жатқан жаттығуы туралы да айтты. 

"Әрқашан керемет көңіл-күй жұмыс істейміз. Жақсы жұмыс аптасынан кейін чемпионмен бірге", - деп жазды Ахметов әлеуметтік желісінде. 

Еске салайық, Ахмедов келесі кездесуін 30 шілде күні Лос-Анджелес қаласында өткізеді. Бірақ оның қарсыласы әлі белгісіз. 

Ал Головкин болса қазіргі уақытта 17 қыркүйек күні болатын мексикалық Сауль "Канело" Альвареске (57-2-2, 39 КО) қарсы кездесуге дайындалуда.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар