auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Әли Ахмедов Фируза Шарипованың қатысуымен өтетін бокс кешінде WBC белбеуін қорғайды

Әли Ахмедов Фируза Шарипованың қатысуымен өтетін бокс кешінде WBC белбеуін қорғайды
Әли Ахмедов. Сурет WBC кеңесінің ресми сайтынан алынды.
Кәсіпқой бокста жартылай ауыр салмақта өнер көрсететін отандасымыз Әли Ахмедов (9-0, 7 КО) жастар арасындағы WBC чемпиондық белбеуін 30 желтоқсан күні Алматы қаласында Фируза Шарипованың қатысуымен өтетін бокс кешінде қорғайды. 

Жекпе-жек он раундқа жоспарланып отыр. Бірақ Ахмедовтың қарсыласы әлі анықталған жоқ. 

Айта кетейік, Ахмежовтың 8 желтоқсан күні АҚШ жерінде бір кездесуі жоспарланған еді. BoxRec порталының мәліметі бойынша, оның қарсыласы 26 жастағы америкалық боксшы Дешон Уэбстер болады. Ол кәсіпқой бокста тоғыз кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Алты кездесуде қарсыластарын нокаутқа түсірген. 

Бұл кездесуде қазақстандық боксшыға тиесілі белбеуден бөлек жартылай ауыр салмақтағы Солтүстік Америка чемпионының (NABF) белбеуі сарапқа салынады. 

22 жастағы Ахмедов кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуін 2016 жылдың мамырында өткізіп, осы уақытқа дейін тоғыз жекпе-жекке қатысты. Оның жеті кездесуінде Ахмедов қарсыластарын нокаутқа жіберді. Биыл ол жас америкалық кіші Кертис Хиллдан үстем түсіп, жастар арасындағы WBC чемпиондық белбеуін жеңіп алды. 

Еске салайық, 30 желтоқсан күні Алматы қаласындағы "Алматы - Арена" спорт кешенінде өтетін бокс кешінінің басты жекпе-жегінде Фируза Шарипова пен бельгиялық Джемилла Готарюк (13-4-1, 2 КО) шығады. Бұрымды боксшылар екінші жеңіл салмақтағы IBO чемпиондық белбеуіне таласады. 






Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама