Әлемнің бұрынғы чемпионы америкалық Серхио Мора (29-5-2, 9 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альварестен (58-2-2, 37 КО) жеңілістен кейін орта салмақтағы WBA және IBF белбеулерінің иегері қазақстандық Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) карьерасын аяқтайтынына сенімді. Мораның айтуынша, GGG орта салмақта енді бір ғана айқас өткізіп, кейін карьерасын аяқтауы керек.
Еске салайық, 18 қыркүйек күні Лас-Вегас қаласында Головкин супер орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы мексикалық "Канеломен" кездесіп, төрешілердің шешімі бойынша жеңіліп қалды.
"Головкин карьерасын орта салмақта жалғастырғаны дұрыс. Оны осыған дейін ешкім есеңгірете алмады. Соңғы айқаста төрешілердің шешіміне қарасақ, жекпе-жек шамамен тең болған. Енді орта салмаққа ауыс. Сол жақта белбеуіңді бір рет қорға. Менің ойымша, ол енді ары кетсе бір кездесу өткізеді.
Бокс спортшылары зейнетке ерте шығарады. Бірақ Головкиннің берілгісі келмейді. Қыруар ақшаны қиып, кеткісі келіп тұрған жоқ сияқты. Енді амалсыз қарсыластар оны зейнетке жібереді. Алайда мен Головкинге өз еркімен кет деп кеңес берер едім", - деп келтіреді Серхионың сөзін Fightnews.infо порталы.