Бірінші орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Джулиан Уильямс (27-2-1, 16 KO) Boxingscene.com порталына берген сұқбатында орта салмаққа өтуге ниетті екенін айтты.
30 жастағы америкалық боксшы кәсіпқой боксқа 2010 жылы ауысып, сол уақыттан бері бірінші орта салмақта өнер көрсетіп келді.
"Мен екі жекпе-жектен кейін салмақ ауыстырып, орта салмаққа ауысамын. Менің болашағым орта дивизионда. Алты фунт айырмашылық бар екенін білемін. Бұл қарапайым жанкүйер үшін ештемені білдірмейтін шығар. Бірақ салмақ қуып, шаршы алаңға шығатын боксшылар түсінеді. Алты фунттың өзі үлкен рөл ойнайды. Мен 15 жасымнан бері 154 фунтта өнер көрсеттім. Енді орта салмаққа денемді үйрету керек", - деді ол.
2019 жылдың мамыр айында Уильям отандасы Джаретт Хердпен (24-1, 16 КО) кездесіп, күтпеген жерден жеңіске жетті. Сөйтіп, WBA (Super), IBF және IBO белбеулерін жеңіп алды. Бірақ, 18 қаңтар күні ол доминикалық Джейсон Росаридан (20-1-1, 14 KO) жеңіліп, барлық белбеуінен айырылып қалды.
2017 жылы Уильям орта салмақта IBF және IBO белбеулерінің иегері Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) спарринг қарсыласы болды. Бұл кезде ол қазақстандық боксшыға Сауль "Канело" Альвареспен (53-1-2, 36 КО) бірінші кездесуіне дайындалуға көмектесті.
Профи-бокс
22 шілде 2020 11:28
Әлемнің бұрынғы чемпионы Головкин салмағына ауысты
Сурет: ToFight.Ru